Балдырғанмен бірге өсетін топтама
3 жастан 15 жасқа дейінгі балаларға
Міні, 20 жыл бойы бүкіл әлемдегі балалар Коннимен бірге өсіп келеді.
Бұл кітаптардың арқасында бала дәрігерден, балабақшадағы немесе мектептегі алғашқы күннен қорқуды қойып, үйдегі жануарлар үлкен жауапкершілікті қажет ететінін түсінеді.
Бұл топтама бала 3 жастан 15 жасқа дейінгі өсу кезінде кездестіретін барлық өмірлік дағдыны қамтиды. Бала өзін басты кейіпкермен байланыстыра отырып оның оқиғасын бастан кешеді, үйренеді және әлемді таниды.
Конни үш жасқа толды.
Енді ол балабақшадағы алғашқы күніне дайындалуда. Оған ол жер ұнай ма, анасы жоқта күні бойы жалғыз ойнай ала ма?
Конни соны білмей, қатты уайымдайды. Алайда балабақшадағы күн керемет өтеді, ал Конни ертеңгі күнді тағатсыздана күтеді!
Конни анасына көмектеседі
Бірде Коннидің анасы аяғын ауыртып алып, үй жұмыстарын істей алмай қалады.
Сол кезде Конни бірнеше күнге шынымен ересек болады. Ол өзін үй шаруасындағы әйел ретінде қуана сынап көреді — сатып әкелген заттарды орнына қояды, бөлмені ретке келтіреді, тіпті түскі ас дайындайды!
Қуанышқа орай, анасы жылдам сауығады да, Конни өзінің бала ермектеріне қайта оралады.
Жақында Коннидің отбасында нәресте дүниеге келмекші. Ал Коннидің сұрақтары мен уайымы көбейе түсті.
Бөпе енді қайда ұйықтайды?
Оның ойыншықтарына не болмақ? Және бастысы: бөпе туған соң анасы оны жақсы көрмей қала ма?
Коннидің өміріндегі жаңа оқиға балаңыздың нәресте туралы кез келген сұрақтарына жауап табуға және оның қорқыныштары мен күдіктерін сейілтуге мүмкіндік береді.
Ақшаны ақылмен басқара білу – көптеген адам үшін ең қажетті дағды.
Ал ең дұрысы оған бала күннен дағдылану. Сондықтан Конни өзінде қалта ақшасы болуы үшін жеткілікті дәрежеде үлкен болдым деп шешті. Өйткені, ол көптеген жаңа ойыншық сатып алғысы келеді! Бірақ аз ғана теңгеге пони сатып ала алмайсың, үнемдеу керек.
Конниді мысалға ала отырып, балаңызбен бірге қандай ақша түрлері бар екенін, банк картасы не екенін және ақшаны жаңа ойыншық алу үшін қалай жинау керек екенін білуіңізге болады.
Конни Клавиттер ата-анасымен шағын неміс қалашығында өмір сүреді
. Ол үш жаста, жақында ғана балабақшаға бара бастады және үй жануарының болғанын армандайды. Бір күні оның арманы орындалды: оның үйіне жоғалған марғау келіп қалады. Конни оны өзінде алып қала ала ма? Әлде оның иесін міндетті түрде табу керек пе? Марғауға не беру керек, оған қалай «үй» жасауға болады және оның денсаулығын қалай күту керек? Коннидің хикаясын оқып, онымен үй жануарларына қалай күтім жасау керектігін үйреніңдер.